Бұл туралы бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Экономикасы барынша жемісті елдер ұлттық аэроғарыштық бағдарламаларды жүзеге асырады. Әлемде ғарыш айлағына ие 5 ел бар, оның бірі - Қазақстан. Ғарыш саласы іс жүзінде, уақыт, кеңістік және өзінің әлеуеті бойынша шексіз», - деді Елбасы.
Дегенмен ғарыштық қиянға көз салмай біздерге ұлттық-көліктік жүйені дамыту қажеттігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «21 ғасыр - жылдам жер үсті, жер асты және әуе көліктерінің дәуірі. Әлемде көліктің инновациялық түрлері ашылатын болады, олармен үздік зертханалар жұмыс істеуде. Біздерге де оларды құру қажет. Оны сіздер ұсынуларыңыз, біздерге не істеу керектігін айуларыңыз қажет»,- деді Н.Назарбаев.