Шет мемлекеттерде білім алып жатқан жастарымыздың көпшілігі қазір осындай пікірде», дейді Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған арнайы баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім беретін шет мемлекеттердің көпшілігінде «Қазақстан студенттерінің қауымдастығы» бар. Онда көптеген халықаралық және ұлттық мерекелерге арналған іс-шаралар мен жиындар ұйымдастырылып тұрады. Осы шаралар негізінде студент жастар өздерінің туған жері мен елі туралы, оның тарихы туралы сыр шертіп, халқының дәстүр - салттарын насихаттайды. «Олар өзге елдің студенттерімен біріге отырып, түрлі байқаулар да ұйымдастырып отырады. Сөйтіп жастарымыз өзге мемлекет өкілдеріне өздерінің тек білім саласында ғана емес, өзге де салаларда олармен бәсекелесе алтындықтарын көрсетіп келеді», деді ресми өкіл.