Болат Ақшолақов энергетика саласын дамыту үшін «АЭС-пен жасыл» сценарийін белгілеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов энергетика саласын дамыту үшін «АЭС-пен жасыл» сценарийін белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда 2035 жылға дейінгі Елдің энергетикалық балансы әзірленді. Оған сәйкес экономиканың өсу қарқынының артуымен және халықтың ұлғаюмен байланысты электр энергиясын тұтыну көлемі 153 млрд кВт сағатына деңгейінде болжанады. Бұл ретте, жұмыс істеп тұрған электр станцияларының генерациясы 2020 жылы 108 млрд кВт сағаттан 2035 жылда 88,6 млрд кВт сағатқа дейін кезең-кезеңімен төмендеуі байқалады. Энергетикалық баланс бойынша саланы дамудың мақсатты пайымы ретінде - 17,5 ГВт электр қуатын енгізуді көздейтін «АЭС-пен жасыл» сценарийін белгілеу ұсынылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бұл сценарий жасыл энергия көздеріне, газ және атом генерациясына баса назар аударады.

«Атом генерациясын дамыту қажеттілігі көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібіне сәйкес келеді. Сондай-ақ: таза электр энергиясының үлесін арттыруды, ел экономикасында көміртегі ізін төмендетуді, СО2 шығарындыларын азайту бойынша міндеттемелерді орындауды, еліміздің энергия жүйесі жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуді, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері генерациясының артуын қолдауды көздейді», - деді Болат Ақшолақов.