Болат Ақшолақов мұнай экспортының баламалы бағыттарын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мұнай экспортының баламалы бағыттарын дамытудың жол картасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика үшін экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында әділ экономика бөлімінде ірі мұнай газ жобаларының серіктестерімен оларды дамытудың кешенді жоспарын қабылдау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. 2029 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытын 9 млн тоннаға дейін кеңейту жобасын аяқтау жоспарлануда. Бұл қайта өңдеу көлемін жылына 21 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Президенттің экспорт бағыттарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Мұнай экспортының баламалы бағыттарын дамыту жөніндегі жол картасының жобасы әзірленді.

«Осылайша, Әзербайжан, Грузия және Түркия порттары бағытында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы мен Иранға экспорттық бағыттарға баса назар аударылатын болады», - деді Болат Ақшолақов.