«Министрлік жұмыс істеп тұрған жылу электр орталықтарының мәселелерін жою бойынша бірқатар іс-шараны пысықтауда. Біріншіден, әзірленіп жатқан «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасы салаға жыл сайын 400 млрд теңгеге дейін инвестициялар тартуға; 2035 жылға қарай генерациялайтын қуаттардың тозу деңгейін 15 пайызға төмендетуге; нарық қатысушыларының қарсы міндеттемелерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның атап өтуінше, екіншіден, 2023 жылы «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданады. Ол өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге назар аударуға мүмкіндік береді. Оның аясында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің рөлі күшейтілетін болады. Заң электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сатуды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізуді көздейтін нарықтың жаңа мақсатты моделіне көшуді көздейді.
«Үшіншіден, 2023 жылдың 1 тоқсанында елдің барлық Жылу электр орталықтары және электр желілерінің аудиті аяқталады, бұл проблемаларды және олардың ағымдағы техникалық жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді», - деді министр.