Болат Бақауов: Дүкен сөрелеріндегі импорттың үлес салмағын азайту керек

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Өңір басшысы Болат Бақауов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асырылу бағыттарын айқындап берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық мәслихаттың кеңейтілген отырысында қала менаудан әкімдері, мемлекеттік органдар басшылары мен депутаттар алдында сөйлегенБолат Бақауов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының отандықөндірушілер мен кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау болғанын айтты.

«Аталған бағдарлама енді ғана өз күшіне еніпкеледі», - дейді Болат Бақауов. «Осы орайда қала мен аудан әкімдерінебелсенділік таныту керек. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзегеасыру арқасында облыстағы дүкен сөрелеріндегі импорт үлесін азайтуымыз қажет. Сараптамалардың қорытындылары бойынша жеңіл өнеркәсіпсаласындағы мемлекеттік сатып алулардың үлесі 9,2% болса, құрылыс материалдаркөлемі 15,7% аспайды. 4500 жеткізушінің ішінде 1345-і ғана – жергіліктіөндірушілер».

Осыған байланысты, өңір басшысы қала мен ауданәкімдері, облыстық басқармаларға «Қарапайым заттар экономикасына» қатыстызаттарды сатып алу кезінде жергілікті қамтудың жыл сайынғы 20%-дық мақсаттыиндикаторын енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар