Болат Бақауов кәсіпкерлерге: Ұйықтамаңыздар, мүмкіндіктерді пайдалану керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ертіс өңірінде қой шаруашылығы экономикасын есептеп, ұсақ мал өсіруге және аналық мал басын асылдандыру және селекциялық жұмыстармен айналысуға дайын шаруаларға барынша қолдау көрсетеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі қойшаруашылығын дамыту мәселесін тағы да көтерді. «Айша» шаруа қожалығында Баянауылауданының мал шаруашылығымен кездесу кезінде Болат Бақауов екі жыл бұрынжергілікті қой өсірушілерге көмектесуге тырысқанын еске салды.

«2017 жылы ұсақ мал өсіретін Баянауыл және Май аудандарында қой шаруашылығын қолдау бойынша арнайы өңірлік бағдарламаны іске қосуды ұсындық. - Нәтижесінде шаруалар ет өткізуге қатысты ғана көмекке мұқтаж екендерін айтты. Біз«Ақоба» ЖШС ет өңдеу зауытының басшылығымен келістік, мұнда бір келі үшін 1000теңгеден қой етін қабылдайтын болып шешкен. Бірақ ет жеткізудің жылдық жоспарынсұрағанда мал өсірушілер өз өнімдерін тек шілде-қыркүйек айына дейін жеткізугедайын екендерін айтты. Қандай ет өңдеу зауыты тек төрт ай жұмыс істейді? Бізгежүйелі ет дайындау қажет, ал Баянауыл қой өсірушілері тек қана жазғы туристермен Павлодар, Екібастұз және Қарағанды базарларына бағытталған»- деді әкім.

Өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласышенеуніктеріне қой шаруашылығы экономикасын зерттеуді тапсырды. Бұдан кейін барлықақпаратты ұсақ мал өсірумен айналысатын немесе айналысуға дайын шаруаларғаберуге уәде берді.

«Ұйықтамаңыздар, бүгін ұсынылыпотырған бар мүмкіндіктерді пайдалану керек. Қазір субсидияланған техниканысатып алуға болады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жылдық 4 пайызбен 15 жылғанесие алуға болады. Мұндай шарттарды қашан аласыз? Сатып алынатын қой кепілдікбола алады. Қой шаруашылығын дамыту керек. Ендігі уақытта кеншілер болаалмайсыздар, темір жолға немесе құрылысқа бармайсыздар. Сіздерде тамашажайылымдар бар, жайылымдық учаскелерге қажетті инфрақұрылым жүргізілетіндігінесенім артуға болады. Осыны қолданып қалыңыздар»- деді әкім.

Шаруалар Болат Бақауовқа басқа мәселетуралы айтып берді: мал бағуға дайын адамдар жетіспейді. - Жалақыдан басқа, бізшопандарға тұру, тамақтану және басқа да жағдайларды ұсынамыз. Дегенмен,жайылымдарда жұмыс істегісі келетіндер аз, - дейді «Айша» ШҚ басшысы АсылбекҚожин.

Соңғы жылдары Павлодар облысында қойбасының өсуі байқалады. 2019 жылдың басында бұл көрсеткіш өткен жылменсалыстырғанда 2%-ға өсті.

Сонымен қатар, ұсақ мал басының 1,8%-ға өсуіосы жылдың бірінші жартысында да тіркелді. Статистика мәліметтері бойынша,бүгінде Ертіс өңірінде 630 мың қой бар.