Болат Бақауов: Ұлыстың ұлы күнін Павлодарда 40 күн тойлаймыз

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жұртшылықты Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Болат Бақауов: Ұлыстың ұлы күнін Павлодарда 40 күн тойлаймыз ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жұртшылықты Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. - Әз Наурыз іргесі сөгілмейтін бірліктің, ырысы төгілмейтін тірліктің мерекесі. Сондықтан, Ұлыс күнін тиісті деңгейде атап өтіп насихаттау келешек ұрпаққа аманат. Осындай шуақты мерекені ел болып қарсы алу баршамызға абырой. Еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз кеңінен тойлануда. Биылғы жылы Павлодар облысы Наурыз мерекесінің аясын кеңейтіп, ауқымын арттыру мақсатында 40 күн тойлайтын болады. Осы уақытта түрлі шаралар ұйымдастырылады. Елбасымыздың бастамасымен «Рухани жаңғыруға» бет алған тұста санамызды сілкінтіп, ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, оны жан-жақты жүзеге асыру жолында толайым табыстар тілеймін, - деді аймақ басшысы. Айта кетейік, бүгін қаланың Орталық жағалауында 15 мыңнан астам адам Наурызды мерекелеуде. Түрлі іс-шараларға 600-ден астам өнерпаз қатысуда.">pavlodarnews.kz .

 - Әз Наурыз іргесі сөгілмейтін бірліктің, ырысы төгілмейтін тірліктің мерекесі. Сондықтан, Ұлыс күнін тиісті деңгейде атап өтіп насихаттау келешек ұрпаққа аманат. Осындай шуақты мерекені ел болып қарсы алу баршамызға абырой. Еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз кеңінен тойлануда. Биылғы жылы Павлодар облысы Наурыз мерекесінің аясын кеңейтіп, ауқымын арттыру мақсатында 40 күн тойлайтын болады. Осы уақытта түрлі шаралар ұйымдастырылады. Елбасымыздың бастамасымен «Рухани жаңғыруға» бет алған тұста санамызды сілкінтіп, ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, оны жан-жақты жүзеге асыру жолында толайым табыстар тілеймін, - деді аймақ басшысы.
 

Айта кетейік, бүгін қаланың Орталық жағалауында 15 мыңнан астам адам Наурызды мерекелеуде. Түрлі іс-шараларға 600-ден астам өнерпаз қатысуда. 

Фото: Абзал Кабдраш/Рavlodarnews.kz

Соңғы жаңалықтар