Ресми кездесу барысында екі өңір басшылары 2018-2019 жылдарға арналған аймақаралық жоспарларға қол қояды. Кейін павлодарлық делегация металл өнімдерін дайындайтын «Сибэнергомаш - БКЗ», ауыл шаруашылық техникасын әзірлейтін «АгроЦентр» және өсімдік майы шығарылатын «Юг Сибири» кәсіпорындарының жұмысымен танысады. Сонымен қатар, Алтай өңірінің орта және шағын кәсіпкерікті дамыту қорына бару жоспарланған. Екі жақтың өкілдері өзара кәсіпкерлік, инвестиция, орта және шағын бизнес, туризм жайында сөз қозғайды.
Түмен облысына жасаған сапары кезінде Болат Бақауов жергілікті қазақ диаспорасымен кездескен болатын. Дәл осындай жүздесу Алтай өңірінде де орын алады. Бұдан бөлек аймақ басшысы «Авальман» тау-шаңғы базасының жұмысымен танысады. Сапар кезінде павлодарлық делегация алтайлық әріптестерімен агроөнеркәсіп, химиялық және көлік жасау кешендері бойынша өзара жүзеге асыратын жобаларды талқылайды. Сондай-ақ, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері ресейлік әріптестердің назарына ұсынылатын болады.
11:43, 11 Сәуір 2018
Болат Бақауов жұмыс сапарымен Алтай өңіріне барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Алтай өңірінің губернаторы Александр Карлинмен кездесіп, бірқатар ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындарды аралайды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.