Болат Бақауов жұмыс сапарымен Ресейдің Түмен облысында жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының делегациясын бастаған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Бақауов 4-5 сәуір күндері Ресейдің Түмен облысында болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Түмен облысы экономикасының ерекшелігі - дамыған мұнай өңдеу және мұнай-химиялық сала, көмір мен темір рудасының кен орны, агроөндірістік кешен.

Түменде осы бағытта ынтымақтастық келешегін анықтау мақсатында екі өңір басшысы мен бизнес өкілдерінің кездесуі өтеді. Павлодарлық делегация жетекші өнеркәсіп нысандары  - Антипин мұнай өндіру зауыты мен «Электросталь Тюмени» металлургиялық зауытын аралайды.

Павлодарлықтар агроөндірістік кешендер - «Түмен сүт фермасы» мен «Юбилейный» агрохолдингінде болады. Бұдан кейін екі облыстың әкімдері Болат Бақауов  және Владимир Якушевтың  ресми кездесуі өтеді.

Түмен-Қазақстан іскерлік достығын дамытуға әрекеттестік орталығында Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының басшысы Есенғали Ыбыраевпен кездесу өтеді.  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері Түмен мемлекеттік университеті, мұнай-химия университеті, биотехнология және ветеринарлық медицина институтындағы әріптестерімен жүздесетіні жоспарланған.

Бұдан бөлек, Павлодар облысының туристік әлеуеті таныстырылады. Ресейлік тұрғындар Баянауыл тауларын көруге және қымыз ішуге, Павлодар облысында денсаулығын нығайтуға, Шалдай  қарағайлы орманында жылқы мініп қыдыруға шақырылмақ. 

Сонымен қатар, ресейлік әріптестерге әрі қарай «Павлодар» арнайы экономикалық аумағында өңіраралық ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру және сүт өнімдері мен бидай өңдеу ұсынылады.

Айта кетейік, РФ Павлодар облысының басты сауда серіктесі болып табылады. 2017 жылғы сыртқы саудасының жартысы көрші елмен (1,4 млн. доллар) жасалған.