Болат Бопайұлы: Қыдыр ата – періште бейнесіндегі пайғамбар

Фото: Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 21 наурыз түні ел аралайтын Қыдыр атаның қазақ өміріндегі орны қандай? Бұл сауалға этнограф-ғалым, фольклоршы, қазақ дүниетанымына байланысты көптеген кітаптың авторы Болат Бопайұлы жауап берді.

Этнографтардың айтуынша, Бақ иесі – Қыдыр ата періште бейнесіндегі пайғамбар.

«Пайғамбар екі түрлі болады. Біріншісі пенде бітімді, екіншісі періште бітімді. Қыдыр ата – бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Сондай-ақ «Көктем ханымы» бар. Ол үлкен түйеге мініп, шашу шашады. Қазір сол кейіпкерді жасау керек», – дейді Болат Бопайұлы.