Болат Назарбаев өмірден озды

Болат Назарбаев өмірден озды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: wikimedia

Қаралы хабарды Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасы растады.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған.

1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған.

1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары.

1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан.

«Инкар Агро» ЖШС-ның вице-президенті, BN Invest холдингінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар, «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені және оның жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған болатын.