Болат Өтемұратов «Интерді» сатып алуға қатысты ақпаратты растамады

None
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан теннис федерациясының басшысы Болат Өтемұратов «Интер» командасына ақша құю туралы ақпаратты растамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады «Аламан».

«Біз Қазақстандағы теннисті дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық күш соған жұмсалуда. Менің мақсатым Қазақстан теннисін көтеру. Басқа жоспарым жоқ», - деді Өтемұратов.

Естеріңізге сала кетейік, Италия және Ресей басылымдары қазақ миллиардері Өтемұратов «Интер» командасын сатып алады деген ақпарат таратқан еді.