Болат Жәмішев Қазақстан Даму банкінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы биліктің жаңа құрылымына қатысты Президент Н. Назарбаев осындай шешім қабылдады.

«Біріктірілген министрліктер, қысқарып жатқан министрлер олардың жұмысында еш кінә жоқ. Үкімет менің тапсырмам бойынша оларды жұмысқа орналастырады. Ал бұрын министр болып, енді орынбасарлыққа тағайындалғандар өздері бұрын атқарып келген қызметтерінің бөлігін жалғастырады»,- деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев өңірлік даму министрі болған Болат Жәмішевтің Қазақстанның Даму Банкіне тағайындалатынын атап өтті. «Келіссеңіз, Қазақстанның Даму банкіне басшылық жасаңыз», - деді Елбасы.

Тоқтала кететін жайт, енді Үкімет 12 министрлік пен отызға тарта комитеттен тұратын болады.