АСТАНА. KAZINFORM – Жиырма жылдан астам уақыт бойы жол саласында қызмет еткен Болатбек Қабланбекұлы Айтбаев ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның бас директоры болып тағайындалды.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Болатбек Қабланбекұлы 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «ҚазЖолҒЗИ» ААҚ Астана қаласындағы филиалында инженер болып бастады.
Б.Айтбаев ұзақ уақыт бойы «ҚазАвтоЖол» жүйесінде басшылық қызметтерде болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).