Болатбек Қатықбаев Алматы қалалық сотының судьясы болып тағайындалды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай сот ұжымына жаңа судья Болатбек Қатықбаевты таныстырды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

«2016 жылы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Болатбек Қатықбаев Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатылып, Алматы қалалық сотының судьясы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Б. Қатықбаев судья лауазымында 18 жыл жұмыс істеген.

Қалалық сот төрағасы Б. Қатықбаевты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жұмысына табыстар тіледі.