ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Агенттік ұжымына жаңа басшыны таныстырды және ведомствоның басым міндеттерін айтып өтті. "Жаңа агенттіктің алдында тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұтастай отандық тауар өндірушілерді қорғау міндеттері тұр. Басымдықтарға - тағам өнімдері қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды, өнімдер мен қызметтердің техрегламенттерін сақтауды қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады. Қысқа мерзімде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және қалыптастыру жөнінде ұсыныстар өңдеу қажет" , - деп тапсырды С. Ахметов.
19:27, 22 Қаңтар 2014
Болатбек Қуандықов ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметінің қаулысымен Болатбек Қуандықов ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады primeminister.kz сайты.