"Болатхан Құлжанұлы мемлекетке, ұлтқа, халыққа қызмет етуде еңбегі жағынан ХХ ғасырдың басындағы Алашорда арыстарының қатарында тұр деп айтсам артық айтылған болмас еді. Қасында жүрген кезде бұл кісіні онша бағалап үлгермедік. Қарапайымдылығы мен мәдениеттілігін әлі де түсінген жоқпыз. Бұл фильмде ол кісінің үлкен тұлғасын ашуда үлкен жұмыс жасалыпты. Бұл оның өмір жолы мен мұрасын зерттеу жолындағы үлкен істің бастамасы", - дейді кәсіпкер Серік Сапарғали.
Оның айтуынша, бүгін көзі тірі болғанда 70-ке толатын Болатхан Тайжан өмірі мен жасаған барлық іс-әрекеттері арқылы жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола алды. Оның ұлағатты істері мен өнегелі өмір жолын зерттеу жұмысы енді ғана басталды. Көшелер мен кітапханаларға есімі беріліп, ескерткішінің бой көтерер кезі алдағы күннің еншісінде қалып отыр.
14:05, 08 Наурыз 2011
Болатхан Тайжан мемлекетке, ұлтқа, халыққа қызмет етудегі еңбегі жағынан Алашорда арыстарының қатарында тұр - С. Сапарғали
АЛМАТЫ. 8 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз қазір бәріміз фильмнің әсерінде отырмыз. Бұл туралы бүгін Алматыда аса көрнекті қоғам қайраткері, дипломат Болатхан Тайжан туралы "Жайнаған туың жығылмай..." деп аталатын деректі фильмнің тұсаукесерінде айтылды.