Еуроодақ Кеңесіндегі Болгария өкілдігінің министрі Лиляна Павлованың айтуынша, Болгария төрағалығының аясында осы елде 300 кездесу, Страсбург және Брюссельде сарапшылар деңгейінде 1,5 мың кездесу өткізіледі. «Осы уақыт аралығында елімізге 25 мың қонақ келеді деп жоспарлап отырмыз», - дейді Павлова.
Болгария төрағалық аясында Еуроодақ Кеңесінде үйлестіруші міндетін атқарады. «Болгария алғаш рет Одақ төрағасы болып отыр. Біз мәлімдеген басты бағыттар бойынша табысты жұмыс істейтінімізге сенімдіміз», - деп атап өткен болатын Болгария үкіметінің басшысы Бойко Борисович жаңажылдық үндеуінде.