деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы аталған жобаға салынып жатқан қаржының көлемі 8 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Жобаның оңтүстік желісі Ресейден Болгарияға, одан кейін Австрияға барып, екіге бөлінетін газ құбырын салу көзделген. Құбырдың тасымалдау көлемі жылына 31 млрд. текше метрді құрайтын болады. «Біз осы көрсеткішті екі есе ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде біз «NABUCCO» газ құбыры құрылысының табысты аяқталуына үміттіміз», - дейді Т.Трайков.