Болгария Президенті ел парламентін тарататынын мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Болгария Президенті Росен Плевнелиев елдегі парламентті таратып, 6 тамыз күні уақытша үкіметті тағайындайтыны туралы мәлім етті, деп жазады РИА Новости.

Айта кетейік, бұдан бұрын Болгарияның саяси партиялары ағымдағы жылдың 5 қазанында кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге келісім берген болатын.