«Қазақстан халқына Конституция ережелерін сақтай отырып, әл-ауқатты, қауіпсіз болуына тілектеспін. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейлері жоғары болуы тиіс. Өйткені, олар оған лайықты. Елдеріңіз тәуелсіздік жылдары ішінде көп жетістікке қол жеткізді. Қазақ елі қысқа ғана уақыттың ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Орталық Азияның негізгі мемлекеттердің біріне айналды. Сіздерді ұлық мерекелеріңіз Конституция күнімен құттықтаймын», - деді ол.
Сонымен қатар мәртебелі мейман Болгарияның Қазақстанмен екіжақты сауда-саттықты жандандырып, саяси байланыстарды да нығайтуға мүдделік танытатындығын баса айтты және ЭКСПО-ға қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.
«Біз Қазақстанның тағы бір жарқын жеңісіне айналатын ауқымды оқиға ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысқымыз келетіндігін мәлімдеген болатынбыз. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нақты шешім таяу уақытта қабылданады», - деді М.Попова.