Сарапшылар қаза болғандардың ішінде қылмысты жасауы мүмкін адамдарды тапты, деп хабарлады РБК.
Анықталғандай, автобустың ішінде болған ер адам бұған дейін көшедегі бейнекамераның нысанасына іліккен. Бұл спорттық киім киген шашы ұзын ер адам. Жарылыс салдарынан оның бетін анықтау мүмкін емес, алайда қалтасынан АҚШ (Мичиган штаты) азаматының құжаты табылған.
ФБР-дің базасында, Болгарияның шекара қызметі базасында мұндай азамат жоқ. Оның басқа мемлекетке қалай кіргені белгісіз болып отыр.
Айта кетейік, лаңкестік актінің салдарынан 8 адам - 7 израильдік және 1 болгариялық - жүргізуші көз жұмды. Тағы да 32 адам әртүрлі деңгейде жарақаттар алды.
Израильдің билік өкілдері бұл лаңкестік актіні Иран және «Хезболлах» тобы жасады деп айыптауда. Дегенмен Иран мен аталмыш топ бұл мәлімдемені жоққа шығарды.