Болгарияда аяқталған халықаралық волейбол сайысында қазақстандықтар алтыннан алқа тақты

АЛМАТЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше Болгарияда аяқталған волейболдан 5-ші халықаралық «Қара теңіз» жастар турнирінде еліміздің қыздар командасы алтыннан алқа тақты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

 Сайыста еліміздің намысын 1991-92 және 1993-94 жылдары туған қыздардан құралған «Грация-KZ»тобына қарасты екі команда қорғаған болатын. Оның құрамында Қостанай, Өскемен, Ақтөбе спортшылары болған еді. Жарыс нәтижесінде 1993-94 жылы туған қыздар тобы жеңімпаз атанды.Топ құрамындағы  Анастасия Ростовщикова ең үздік шабуылшы атағына ие болды.Ал 1991-92 жылғы қыздардан құралған команда 3-ші орын иеленді.Топ мүшесі Айна Ғұбашева ең үздік байланыстырушы ойыншы атанды.

 Аталған сайысқа Болгария, Польша, Латвия, Эстония, Литва, Грузия, Румыния, Словакия, Финляндия, Армения, Қазақстан сынды 11 елден 18 команда қатысқан.