Lenta.ru ақпараты бойынша, табылған қабірлер XIII-XIV ғасырларға жатады. Қазба жұмыстары кезінде барлығы 70 адамның сүйектері табылған, алайда тек екі қаңқаға ғана темір қазық сұғылыпты. Көмілгендердің кім екендіктері мен мәртебесін анықтауға көмектесер өзге заттар табылмаған.
«Өзге заттар болған жоқ, өйткені христиандық адам бұл өмірге жалаңаш келіп, жалаңаш кетеді деген принципке сүйенеді», - деді қазба аймақтарының маңынан бірде-бір жазбаның табылмағандығын жеткізген ұлттық тарихи мұражай директоры Божидар Димитров. Сондай-ақ тарихшы әңгіме әйгілі адамдар жайлы екендігін мәлімдеді.
Болгариядан барлығы өз заманында қансорғыш деп саналған жүзге жуық адамның сүйегі табылды. Димитровтың айтуынша, бұл адамдарды тірі кездерінде қатыгез деп есептеп, кеуделеріне ағаш не темір қазық қадаған.