АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның халықтық кеңесі елде Қазақстанның жаңа құрметті консулдығын ашу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Болгарияның euscoop.com порталына сілтеме жасап.
Халықтық кеңес шешімімен Қазақстанның жаңа құрметті консулдығы Варна қаласында ашылады. Консулдық Варненская, Габровская, Великотырновская, Русенская, Тырговиштская, Разградская, Шуменская, Силистренская және Добричская облыстарын қамтиды.
Демек, Болгарияда Қазақстанның екі құрметті консулдығы жұмыс істейді. Бірінші мекеме Благоевград қаласында орналасқан.
Варна қаласының тұрғыны Иван Иванов Қазақстанның құрметті консулы міндетін атқаратын болады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.