Болгарияда көл түбінен 13 млн. жалған еуро табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияда көл түбінен 13 млн. жалған еуро табылды. Полицейлер банкноттардың асқан шеберлікпен көшірілгенін айтады, деп жазады Би-би-си.

Ақшаны Леново елдімекенінің маңынан полицей аквалангистер алып шыққан. Оның мұнда жатқанын осыған дейін қолға түскен үш жалған ақша жасаушының бірі айтып берген. Сондай-ақ олардан қару-жарақ тәркіленген.