Болгарияда көлігінде 200 келіден астам есірткі бар дипломат ұсталды
14:12, 21 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Болгарияда дипломаттың көлігіндегі 200 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды News.ru.
Мұндай ірі есірткі партиясы ел тарихында алғаш рет әшкереленгені атап өтілді.
«Капитан-Андреево» шекара бекетінде тексеру барысында Конго Республикасы дипломатының көлігінен 205,94 келі кокаин табылды», - делінген хабарламада.
Көлік Түркиядан келе жатқаны белгілі болды.
Есірткі бес чемоданға салынған. Тәркіленген есірткінің құны 22,4 миллион долларды құрайды.
Дипломатпенен бірге көлікте болғн бельгиялық әйел және Болгария азаматы — жүргізушінің де қолдары кісенделген.
Еске сала кетейік, Брюссельде есірткі мафиясы қоқан-лоқы жасаған прокурорға арнайы күзет қойылды.