Шешімді 138 депутат қолдап дауыс берді. Қарсы дауыс бергендер болған жоқ, ал жеті депутат қалыс қалды.
Қажет болған жағдайда сайлаудың екінші кезеңі 1 қарашада өтеді. Болгария Конституциясына сәйкес, егер кандидаттардың ешқайсысы қажетті дауыс санын жинай алмаса, жеті күн ішінде қайта дауыс беру ұйымдастырылады. Оған бірінші кезеңде ең көп дауыс жинаған екі кандидат қатысады.
Еске салайық, биыл мамыр айында Болгария Халық жиналысы «Прогрессивті Болгария» коалициясының жетекшісі Румен Радевті елдің премьер-министрі қызметіне бекіткен болатын.