Болгария халықтың сайлауға деген сенімсіздігі бойынша Еуропада ғана емес, әлем бойынша рекордсмен. Өткен жылы Gallup мәліметі бойынша, азаматтардың тек 10%-ы ғана процестің әділ өткеніне сенген (ЕО орташа көрсеткіші 62%).
Дауыс беру үнемі сайлаушыларды сатып алу жанжалдарымен бірге жүреді. Адамдар дауысты «сыра мен кәуапқа» сатып алатынын айтады.
Маусымдағы соңғы парламенттік сайлау кезінде сайлаушылардың қатысуы 35%-дан аз болды. Бұл 2021 жылы 50%-дан сәл ғана астам болған.
Болгарлардың ЕО басшылығын мақұлдау деңгейі де төмендеп барады. Қазір бұл көрсеткіш Gallup мәліметінше, рекордтық төмен – 42%. Бұл – Венгрия мен Словакиядағы көрсеткіш.
Осыған қарамастан, сауалнамаларға сәйкес, БРИКС-ке қосылуды жақтайтын және елдің НАТО мен ЕО-ға мүшелігіне күмән келтіретін әсіре оңшыл «Жаңғыру» партиясы келесі парламентте өз ұстанымын нығайта алады.
Бұған дейін Болгарияның жаңа үкіметі ант қабылдап, елде мерзімінен бұрын өтетін сайлау күн белгіленгенін жазған болатынбыз.