Мамонттың сүйектері Дунай өзенінің түбіндегі өзен лайының астында жақсы сақталған. Мамандар мұны лай қабатына оттегінің өте аз түсуімен байланыстырады.
Биыл жазда Дунайдағы су деңгейі бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін төмендегендіктен, сүйектер жер бетіне шыға бастаған.
– Алдын ала бағалау бойынша, бұл түкті мамонттың сүйектері. Бұл жануар түрі кезінде Еуропаның басым бөлігін мекендеген. Қазіргі уақытта төменгі жақ сүйегі, азу тістері, жауырын сүйегі, қабырғалары және басқа да сүйек бөліктері қазып алынды. Қаңқаның бір бөлігі әлі де жер астында қалуы мүмкін, – деді Русе өңірлік тарихи музейінің табиғат бөлімінің кураторы Красимир Киров.
Ғалымдардың болжамынша, мамонттың биіктігі шамамен 5 метр, салмағы 8 тоннадан асқан.
Зерттеушілердің пікірінше, жануар осы аумақта бұрын болған батпаққа батып, қаза тапқан.
Айта кетейік, бұған дейін Аргентинада бұрын ғылымға белгісіз болған динозавр түрі анықталды.