Елдің ішкі істер министрі Валентин Радев «Біз қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайын толық анықтап үлгермедік», деп мәлім етті.
Оқиға Своге қаласынан қашық емес жерде сағат 17:00-де болған. Сол кезде жаңбыр жауып, жол көрінбей тұрған. Автобуста Световрачен кентінің зейнеткерлер клубының мүшелері отырған. Автобус үш жеңіл көлікті соғып өтіп, жол шетіндегі қоршауды қиратып 20 метр биіктен құзға құлап кеткен. Осыдан бұрын Бургастан Варнаға бара жатқан туристік автобус отқа оранды, Көлік жүргізушісі жедел қимылдап өртеніп жатқан автобустағы 30 адамды сыртқа шығарып үлгерген.