Теміржолдағы апаттан машинист көз жұмып, 14 жолаушы зардап шеккен. Болгарияның Үкімет басшысы Пламен Орешарский оқиғаға байланысты құрылған құтқару операциясын басқаруды вице-премьер және Ішкі істер министрі Цветлин Йовчевке тапсырды.
Алдын ала мәлімет бойынша, рельстен үш вагон шығып кеткен. Жолаушылар апат аймағынан шығарылып, оқиға болған жерге арнайы құтқарушылар бригадасы жіберілді.