Болгариядағы жол апаты: Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияда тіркелген қайғылы жол-көлік оқиғасында зардап шеккен қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Болгария ІІМ-мен ұсынылған, Қазақстан консулының берген ақпаратына сәйкес, Искыр аңғарындағы автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, Болгарияда  сенбіде Своге қаласына таяу маңда  50  жолаушы мінген туристік автобус аударылып, 16 адам қаза тапқан болатын. Бес адамның жағдайы ауыр күйде. Келеңсіз жағдай Своге қаласына таяу жерде жергілікті уақытпен  17:00-де болған.  Световрачена елді мекенінің зейнеткер клубының мүшелері мінген автобус жүргізушісі  нөсер жаңбыр мен көру мүмкіндігінің шектелуі салдарынан үш жеңіл автомобильмен соқтығысып, жол қоршауын қирата биіктігі 20 метрлік тік жардан  құлаған.

 

Фото: www.dsnews.ua