Бейсенбі күні прокуратура өкілдері брифингіде оқиға орнында 44 адамның денесінің табылғаны және жеті адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы мәлімдеген болтын. Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, Болгарияға кірер кезде автобустың ішінде 52 адам болған.
Солтүстік Македония автобусы сейсенбі күні түнде «Стурма» автомагистралінің 31-ші шақырымында Болгария астанасына жақын жерде апатқа ұшыраған. Алдын ала деректер бойынша, Туркиядан Скопьеге бағыт алған туристік автобус ылғал жолдың үстінде бірінші жол қоршауына соғып, одан кейін өртенген. Апаттың мән-жайы зерттеліп жатыр, әзірге негізгі нұсқа – жүргізушінің қателігі.