"Мен Қазақстанда 2004 жылдан берi болған емеспiн, осында аяқ басқанда елде үлкен өзгерiстер болғанын бiрден байқадым", - дейдi 1999-2004 жылдары Қазақстандағы Болгария елшiсi болған Димитр Деков.
"2004 жылдан берi көргенiм осындай болса, елдiң дамуы өте қарқынды деуге әбден болады. Қазақстанның барлық өңiрлерiнде осындай өзгерiстер орын алғанына сенiмдiмiн. 10 жылда мемлекет өте қатты дамып кеткен", - дедi ол.
Сөз арасында ол Қазақстан халқына тату-тәттi өмiр тiледi. "Бұл елде тек қазақтар ғана емес, өзге де этностар тұрып жатыр. Сайлау мақсаты да сол - тату-тәтті тіршілік кешу және болашақты ойлау. Қазақстанға өз жолынан таймауын және өз әлеуетiн ары қарай дамытуын тiлеймiн", - дейдi ол.