5 мыңдай бала орналасқан демалыс орындарында жарық пен су жоқ, деп хабарлайды «Фокус - Варна» радиосы әкімшілік басшысы Кранево Румен Николовтың сөзіне сілтеме жасап.
«Жалпы, балаларға ыстық тамақ пен минералдық су берілуде, дегенмен жайсыздық барынша сезілуде», - деп мәлім етті Николов.
bTV телеарнасының деректеріне сүйенсек, Албена курортында тасқын су бірден алты қонақүйді «жерден» оқшаулап тастады, оның бірін су шайып, жүздеген адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде.
Варна, Добриче, Велико Тырново және басқа кейбір қалаларда да жағдай аса күрделі. 13 адам қаза тапқаны жайлы ақпарат ресми тіркелді. Варнада - 10, Добричеде 3 адам. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
23 маусымда қаралы күн жарияланды. Ел бойынша материалдық көмек жиналуда.