«Труд» газетінің хабарлауынша, айтулы ойындардағы жеңісі үшін оларға берілетін мемлекеттік сыйақы мөлшері 200 000 левті (шамамен 100 мың евроны) құрамақ. Сондай-ақ, облыстық әкімшілік пен демеушілер тарапынан да ауқымды көлемдегі сыйақылармен марапаттау қарастырылған.
«Спортшыларымыздың иеленетін кез келген медалі біз үшін үлкен мәнге ие, алайда, оған көп мүмкіндіктеріміз болмай қалуы да ықтимал. Бірақ, спортшыларды жарыстарға даярлауда барлық жағдай жасалды. Олар біздің сенімімізді ақтайды, деп үміттенеміз», - деді Болгария Олимпиада комитетінің президенті Стефка Костадинова. Халықаралық спорттық жарыстарға болгар елінің атынан 16 спортшы қатыспақ.