Елдің ішкі істер министрінің орынбасары Хорхе Перестің айтуынша, кім екені анықталмаған 41 жастағы шабуылшы жүйке сырқатына ұшыраған жан екен. Оның ақыл-есінің дұрыс-бұрыстығын мамандар анықтамақ.
Оқиға күтпеген жерден болды. Күту залында отырған қаскүнем билет кассасының қасында тұрған жолаушыларға келіп, әрқайсысына пышақ сұға бастаған. Ұсталғаннан кейін ол бұл қадамға баруына «ана дүниеден жеткен дауыстар» себеп болғанын айтқан.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Олардың тоғызының жарақаты ауыр деп саналады.