Боливия Президенті Эво Моралес кәсіби футболшы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эво Моралес елдің «Спорт бойз» жоғарғы дивизион чемпионатының клубымен келісімшартқа қол қойды.

Келісімде 54 жастағы мемлекет басшысының 10-шы номермен жартылай қорғаушы позициясында шығатыны көрсетілген. Әр ай сайын ол 213 доллар жалақы алатын болады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Клуб президенті Моралестің футбол десе ішкен асын жерге қоятынын, оның жақсы ойыншы және тамаша формада екенін атап өтті. Ол президенттің қауырт жұмыс кестесіне байланысты команданың барлық матчтарына бірдей қатыспайтынын қосты.