Боливия президентінің машинасын ... ұрлап кетті

None
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Боливияда ел Президенті Эво Моралестің автокөлігін айдап әкетті. Белгісіз біреу ел басшысының Toyota Land Cruiser машинасын ұрлап кетті, деп хабарлайды РБК агенттігі жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.

Оқиға ел ордасы - Ла Паста болған. Мемлекет басшысының жүргізушісі тамақ алу үшін дүкеннің жанына тоқтаған. Дүкеннен оралған кезде, көліктің орнын сипап қалған.

Әзірге көлік табылмай отыр. Toyota Land Cruiser - Венесуэла Президенті Уго Чавестің Эво Моралеске жасаған тартуы болатын. 2008 жылдың мамыр айында Чавес боливиялық әріптесіне және тағы бірқатар боливиялық басшыларға 16 автокөлік тарту еткен еді.

Эво Моралес Латын Америкасы құрлығының көпғасырлық тарихында алғаш рет президент болып сайланған үндіс өкілі. Боливия басшысының ұлты - аймара үндісі.