Боливияда 10 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливия конгресі балалардың он жастан жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы AFP хабарлады.

Заңда көрсетілген еңбекке жарамды жас өзгертілген жоқ және 14 жас болып қалып отыр. Заң жобасының авторларының бірі сенатор Адольфо Мендоса айтқандай, 12 жасқа толған балаларға жалдамалы еңбек етуге рұқсат беріледі, ал он жастан бастап балалар тек бос уақыттарында жұмыс істей алады. Мендоса он жастан бастап жұмысеңбек етуге олардың өздерінің ерікті түрде келісуі, ата-аналарының және қоғамдық омбудсменнің келісімі қажет екенін атап өтті.