Боливияда 6 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливияда қуаты 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады сәрсенбіде АҚШ геологиялық қызметі.

Сейсмологтардың деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Санта-Краус департаментінде Чарагуа қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан.
Жапа шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы деректер әзірге түскен жоқ.