Боливияда алып көл жоғалып кетті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық ғарыш агенттігі спутниктік суреттерден алынған талдау қорытындылары бойынша, Боливиядағы көлемі жағынан екінші көл - Поопоның толық тартылып, жер бетінен жоғалғанын хабарлады.

Поопо көлінің біртіндеп жоғалуын 2014 жылдың сәуірі, 2015 жылдың шілдесі және 2016 жылдың қаңтарында жасалған спутниктік суреттер топтамасы растап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұрын ол 3 мың шаршы шақырым аумаққа таралған еді. Шамамен тереңдігі 3 метрдей және климаттың құбылмалы жағдайында бұл Поопо көлінің жоғалып отырғаны бірінші рет емес: бұған дейін оның толық тартылу оқиғасы 1994 жылы тіркелген. Кейіннен көлге су қайта толды. Бұл жолы сарапшылар қалпына келу үдерісі ұзақ жылдарға созылып, тіпті мүлдем жойылып кету қаупі туындағандығына алаңдап отыр.

Соңғы жаңалықтар