Боливияда футбол матчы кезінде төрешінің жүрегі тоқтап қалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Боливия чемпионаты жоғары дивизионының матчы кезінде бас төрешісі Виктор Уртадоның жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Бұл туралы Los Tiempos газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боливия чемпионаты 25-ші турының матчы Эль-Альтода өтті. Онда жергілікті "Олвэйс Реди" мен "Ориенте Петролероны" қабылдап, 5:0 есебімен жеңген болатын.

32 жастағы төреші екінші таймда, ойынның 54-ші минутында алаңда жерге құлады. "Олвэйс Реди" дәрігерінің айтуынша, алғашқыда төрешінің алаңда жүрегі тоқтап қалған, бірақ команданың дәрігерлері оны аман алып қалған. Кейін жергілікті клиникалардың біріне жеткізгеннен соң жүрегі соғуын қайта тоқтатқан. Дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Соңғы жаңалықтар