Боливияда найзағай соққан бес адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті БАҚ-тың мәліметтері бойынша, Боливияда найзағай соққан бес адам қазаға ұшырады. Олар табиғат апатынан бой тасаламақ болып, бос тұрған тұрғын жайға кірген, сонда оларды найзағай тогы мерт қылды.

Оқиға Боливиядағы Бени департаментінің Сан-Лоренсо қаласында болды, деп хабарлады   RT жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Өлгендердің арасында екі жасөспірім бар. Тағы бір қарт адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын найзағай салдарынан Норвегияда 323 жабайы бұғы мерт болған еді. Сарапшылпардың түсіндіруінше, бұл бірегей оқиға, бұдан бұрын жабайы жануарларды қорғаушылар найзағай салдарынан осынша көп жануардың бір мезгілде қырылғанын ешқашан көрмеген болатын.

Норвегиялық мамандар қазіргі кезде оған жауап таба алмай отырғанын мойындады. Бұған дейін Австралияда 2005 жылы найзағай түсуі салдарынан 66 сиырдың табанда қырылуы рекордтық көрсеткіш болып есептелген еді.