Боливияда түрмедегі бүлік кезінде мерт болғандардың саны 29 адамға жетті

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Боливияда ең жоғары қатаң тәртіп режимі бойынша түрмеде отырған топтардың арасындағы қақтығыс салдарынан 29 адам мерт болды. Қайтыс болғандардың арасында мерзімін өтеп жүрген ата-анасымен бірге түрмеде тұратын кішкентай бала да бар. Тағы 50 адам әр түрлі жарақат алған. 25 адам ауруханаға жатқызылды, олардың көпшілігінің жарақаттары ауыр. Қазіргі уақытта билік түрмедегі жағдайды бақылауға алды, деп хабарлады Lenta.Ru.

Боливия президенті Эво Моралес қақтығыстың себептері мұқият тексерілетін болады деп мәлімдеді.

Оқыс оқиғаның жақында Санта-Крус департаментінде болғанын естеріңізге саламыз. Полиция тәртіпсіздікке екі корпуста отырған сотталушылардың арасындағы өзара жанжал себеп болғандығын айтты. Қылмыскерлер түзету мекемесінің аумағындағы ықпал ету саласын бөліске салған. Қақтығыс кезінде белгісіз себептермен газ балоны жарылып, өрт басталған. Көптеген сотталушылар өрт салдарынан қайтыс болған.