Боливиядағы президент сайлауында Родриго Пас жеңіске жетті

Фото: Emmanuel Macron / X

АСТАНА. KAZINFORM — Боливиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде сенатор Родриго Пас 97,53% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Оңтүстік Америка Жоғарғы сайлау сотының мәліметінше, центристік Христиан-демократиялық партиядан Пасқа 54,54% дауыс берілсе, 45,46% бұрынғы президент (2001-2002), оңшыл «Бостандық және демократия» альянсының өкілі Хорхе Кирогаға берілді.

Жоғарғы сайлау сотының төрағасы Оскар Ассентеуфель баспасөз мәслихатында санау нәтижелері алдын ала болғанымен, «тенденция қайтымсыз» деп мәлімдеді.

Родриго Пас Боливияның бұрынғы президенті Хайме Пас Самораның ұлы. Ол елді 1989-1993 жылдар аралығында басқарған. Родриго Пас салық түсімдерін аймақтар мен муниципалитеттерге қайта бөлу арқылы экономиканы орталықсыздандыруды, сондай-ақ қолжетімді несиелер бағдарламасын енгізуді, шағын және орта бизнесті қолдауға салық жеңілдіктерін беруді ұсынады.

Бұл ретте саясаткер өз бағдарламасын жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы институттарының несиелерін пайдалануға қарсы. Пас Боливияның Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасты қалпына келтіруге және аймақтық ынтымақтастықты, оның ішінде Оңтүстік Американың ортақ нарығы (Меркосур) аясында дамытуға басымдық бере отырып, әлемнің басқа елдерімен байланысын жандандыру қажет деп санайды.

Сайланған президент 8 қарашада қызметіне кіріседі.

Еске сала кетейік, Сирияда Башар Асад биліктен кеткеннен кейінгі алғашқы парламенттік сайлау өтті.