«Қазіргі кезде Сауда және интеграция министрлігімен шекті және шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеудің қолданыстағы әдістемесін қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, сауда үстемелерін 10 пайызға дейін төмендетуге қатысты ұсыныс бөлшек сауда желілерінде тауарлардың тапшылығына алып келуі мүмкін. Өйткені кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (көкөністер, сүт өнімдері) тез бұзылатын өнімдер болып табылады. Тиісінше бұл өнімдерді өткізу тиімсіз болуы мүмкін. Бұл ретте, делдалдардың санын қысқарту және ӘМАТ-қа үстеме бағаны төмендету мақсатында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп азық-түлік тауарларының баға белгілеуінің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, делдалдық схемаларды тергеуді толық жүргізу мүмкін емес. Өйткені шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий қолданылады.
«Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Бас прокуратурамен бірлесіп, сауда базарларында ӘМАТ баға белгілеу тізбегіндегі артық делдалдардың санын тексеру бөлігінде шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді қайта бастау мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қаржы министрлігі электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде қадағаланатын ӘМАТ-ты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын әзірлеуде, бұл СИМ-ге өндірушіден сауда желілеріне дейінгі ӘМАТ бағасын қадағалауға және баға белгілеу тізбегінде артық делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Осы шаралар бұдан әрі ӘМАТ-тың түпкілікті құнының төмендеуіне алып келуі тиіс», - деді Әлихан Смайылов.