Бөлшек сауда көлемі 6,9% өсті

gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы қаңтар-тамыз аралығында бөлшек сауда көлемі 14 805,9 млрд теңге болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сауда кәсіпорындары арқылы тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі 10 234,3 млрд теңге болып, бір жылда 6,3% өсті.

Жалпы бөлшек сауда көлемінде азық-түлік тауарларының үлесі 31,9% болса, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі — 68,1%.

— Сауда көлеміндегі ең жоғары өсім азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша байқалды. Атап айтқанда, мотор отыны, автомобильдер, электрлі тұрмыстық техника, фармацевтика өнімдері, азық-түлік тауарлары, сусындар мен темекі өнімдері, тоқыма және шұлық бұйымдары, косметика тауарлары мен жеке гигиена заттары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша сауда артты, — делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бөлшек сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) тауар қоры 1 588,2 млрд теңге болды, бұл 56 күндік сауда мөлшері.

Республикадағы бөлшек сауданың ең үлкен үлесі Алматы (32,4%) мен Астана қалаларына (13,8%), Қарағанды (7,3%) және Шығыс Қазақстан облысына (5,6%) тиесілі.

Айта кетелік Сауда министрлігі баға тұрақтылығын бақылауды күшейтпек